Алланың қалауымен үш томдық «Саф жүрек» кітабымыз жарық көрді | ♻️ Переходник ♻️

Picture 1 from Абылай Кенжалы 2026-02-18 14:31:18
Алланың қалауымен үш томдық «Саф жүрек» кітабымыз жарық көрді .

Бірінші том – жүрек аурулары мен олардың шипасы жайлы. Екінші том – жүректің қазыналары: шүкір, сабыр, тәуекел, тәубе, мухасаба. Үшінші том – жүректің кемелдігі: тәфәккур, жақсы ой, үміт пен қорқыныш, тақуалық жолы. Әр бөлім Құран аяттары мен хадистерге, ғұламалардың тағылымына сүйеніп жазылған.

Бұл кітап – тек оқу үшін емес, өмірге енгізу үшін жазылды. Жүрегін тазартуды, иманын күшейтуді, Раббысына жақындауды қалаған әр жанға арналған. «Саф жүрек» – рухани жаңғыруға бастар шынайы серік болғай.

Тапсырыс беру үшін сілтемеге өтіңіз

wa.me/77476868849

Үш томы бірге сатылады. Үшеуі бірге – 18 500 тг.
♻️ Переходник ♻️

♻️ Переходник ♻️

@abylaikenzhaly
7 Абоненттер
Дин Категория
Для связи - - ЛС канала